14 Шілде 2019, 17:55 765 0 Әлеумет Túrkistan Gazeti

Қазақстанның үздік тауары қайсы?

Нұр-Сұлтанда «Қазақстанның үздік тауары» жыл сайынғы өңірлік іріктеу байқау-көрмесі өтті

Экспорттық комиссия өңірлік тур барысында елордада өндірілетін үздік тауарларды үш номинация: «Өндірістік бағыттағы үздік тауар», «Халыққа арналған үздік тауар», «Үздік азық-түлік тауарлары» бойынша анықтады. Салтанатты шарада Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен конкурстың отандық өндіріс тауарларын, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамытуда маңыздылығын атап өтті. «Біз өз еңбегімен бизнесті дамытып жатқан адамдарды көріп, қуанып отырмыз. Бұл аса маңызды, себебі біздің қаламыз да көркейіп, дамып жатыр. Қала басшылығы біздің тауар өндірушілеріміздің деңгейін арттыруға баса назар аударып отыр. Барлық қатысушыларға, ұйымдастырушылар мен қала тұрғындарына қатысқандары үшін алғыс айтамын. Қалалық әкімдіктің атынан жеңімпаздады құттықтап, толағай табыстар тілеймін!», - деді Бақтияр Мәкен.

Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Алмат Жүнісов биыл конкурс-көрмеге қатысушылар санының рекордтық деңгейге жеткенін атап өтті. «Осы жолы көрме-байқауға 100-ден астам астаналық компания қатысты, оның 70% – жаңа қатысушылар! Байқауға телекоммуникациялық жабдықтар, автомобиль және вагон таразылары, құрғақ құрылыс қосындыларын, спорттық тағамдар мен қолөнер ірімшіктерін, сондай-ақ тіс пастасы, балалар киімдері мен ойыншықтары, дайын тағамдар мен кондитерлік өнім өндірушілері қатысып жатыр. Бұл байқау-көрмені Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырып отыр», - деді Алмат Жүнісов. Конкурста төмендегі компаниялар жеңімпаз атанды: «ЗГМ «Пенетрон-Казахстан» ЖШС, «Целингидромаш» ЖШС, «Компания «ВЭЛС» ЖШС, «DANMARD» ЖШС, «Қазақ оюлары» ЖШС, «Digital System Servis» ЖШС, «Kazak House» ЖК, «Golden Rill Group» ЖШС, «Алау ТМ» ЖШС.

 

Соңғы жаңалықтар