9 Шілде, 14:25 495 0 Білім Túrkistan Gazeti

Диссертация жазу қанша тұрады?

Астаналы әйел докторлық диссертация жаздырамын деп 1,5 миллион теңгесінен айырылды, - деп хабарлайды отандық БАҚ.

БАҚ мәліметінше, алаяқ өзі талап еткен сомасын алғаннан соң телефонын өшіріп тастап, байланысқа шықпай қойған.  Ғылыми жұмысты, дипломды тапсырыспен жаздыру деген жаңалық болмай қалды ғой. Интернетті ашып қалсаңыз ұсыныстар қаптап тұр. Мысалы дәл қазір желіден ақшаға материал жазып жүрген біреуін іздеп табамын да көз түскен алғашқысына хабарласуға болады.

"Біреуді жалдап жаздырып жатады диссертацияларды. Бірақ ол тіптен керек емес нәрсе. Қазір антиплагиат деген нәрсе бар. Тексеруден өтеді. Соның өзінде айналып өтетін жолдары бар. Мысалы, әрпін ауыстыратын болса плагиат оны танымайды. Мүлде уникальный болып шыға келеді. Өзі жазғандай болып. Осындайды комиссия мүшелері білу керек, реттеу керек». Әлбетте, барлық магистр мен докторлар диссертациясын сатып алады деуден аулақпыз. Бірақ, проблеманы айтпасаң тағы болмайды. Жалпы, ғылыми дәрежені резюме үшін алып жатқандар көбейсе, ертең мамандардың арасында вакуум пайда болады", - дейді саясаттану ғылымдарының докторы Сағдат Әділбеков.

Ал заңгер Айдос Шәріповтің айтуынша, бұл алаяқтың ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес алады. "Аталған әрекет ҚР Қылмыстық кодексі 190-бабымен, яғни алаяқтық бойынша сараланады. Осы ретте алаяқ бабының бірінші бөліміне сәйкес мүлкі тәркіленіп, 1 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзету жұмыстарына тартуға, не болмаса 600 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартуға, не екі жылға дейінгі мөлшерде бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығын айыруға жазаланады", - дейді заңгер.

Соңғы жаңалықтар