Жауынгерлік өнер бойынша ең үздік аймақ анықталды

Жауынгерлік өнер бойынша ең үздік аймақ анықталды

Жауынгерлік өнер бойынша ең үздік аймақ анықталды
ашық дереккөзі
ұр-Сұлтан қаласында жауынгерлік өнер гала-фестивалі өтті. Онда Қазақстанның түкпір-түкпірінде өткен жауынгерлік фестивальдер қорытындыланып, үздіктер анықталды. 10 мыңға жуық көрермен жинап, үлкен спорттық мереке ұйымдастырған Атырау облысы үздік деп танылды. Атырау облысы жауынгерлік өнер қауымдастығының директоры Ерлан Хисметұлының айтуынша, бұл жеңіс барша Атырау жұртына ортақ. «Атырауда ұйымдастырылған фестиваль халықтың олимпиадалық емес спорт түрлерін жақсы көретінін дәлелдеп берді. Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен есте қаларлықтай кеш ұйымдастыра алдық. Алдағы уақытта мұнымен тоқтап қалмай, үлкен спорттық шараларды басқармамен бірлесе өткізуді жоспарлап отырмыз. Фестиваль негізгі мақсатына жетті, қорытындысында облысымызда 600-ге жуық жас спортқа келіп, қызығушылық танытты», - дейді Ерлан Хисметұлы. Айта кету керек, Нұр-Сұлтан қаласындағы фестиваль аясында кикбоксшы Абзал Дүсіпов пен панкратион шебері Жұмагелді Жалғасұлы кәсіпқой аренада кезекті кездесулерінде жеңіске жетсе, муай-тай спортынан Еламан Саясатов таиландтық қарсыласын жеңіп, кәсіпқойлар арасында әлем чемпионы белбеуіне ие болды.