БАҚ: Иран аз байытылған уран мөлшерін арттырды

БАҚ: Иран аз байытылған уран мөлшерін арттырды

БАҚ: Иран аз байытылған уран мөлшерін арттырды
ашық дереккөзі
Иранның аз байытылған уран қорының мөлшері 2015 жылы қой қойылған Тегеран мен халықаралық державалар келісімінде көрсетілген деңгейден асып кетті деп хабарлайды ирандық БАҚ. Fars жартылай ресми ақпарат агенттігі дереккөзіне сілтеме жасап, 1 шілдеде Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) Иранның уран қоры 300 келіге асып кеткенін анықтады деп жазады. БҰҰ аясында құрылған штаб пәтері Венада орналасқан халықаралық ұйым әзірге бұл ақпарат жөнінде түсініктеме бермеді. Аз байытылған уран реакторлар өндіру үшін жанармай ретінде әрі ядролық қару өндіруге қолданылады. 2015 жылғы келісім Иранға ядролық қару өндіруге мүмкіндік бермеуге арналған. Тегеран болса ядролық бағдарлама азаматтарды жылумен қамтамасыз ету үшін құрылғанын айтады.