Елордадан Арысқа жүк көлігі жөнелтілді

Елордадан Арысқа жүк көлігі жөнелтілді

Елордадан Арысқа жүк көлігі жөнелтілді
ашық дереккөзі
 Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Түркістан облысы Арыс қаласына әлеуметтік көмек жіберді.  width= Елорданың Достық үйінде арнайы құрылған штаб "Арыс, біз біргеміз!" акциясына байланысты жиналған азық-түлік, тұрмыстық заттар және киім-кешектер мен төсек-орындарды Түркістан облысына арнайы жүк көлігіне тиеп, жолға аттанды. Бұл қайырылымдылық іске Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы, қалалық 23 этномәдени бірлестіктері және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы "Қоғамдық келісім" КММ, сондай-ақ Әзірет Сұлтан мешіті мен Нұр-Астана мешіті ат салысты. Арнайы штаб құрылған күннен бастап барлық этномәдени орталықтар белсенділік танытып, тез арада жұмысты бастап кетті. Үш күннің ішінде штаб жұмысы алға басып, бүгін міне әлеуметтік көмекке 7 миллионнан астам 40 тонна жүк көлігі арыстықтарға бет алды. ​  width= Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова: «Қазақстан халқы Ассамблеясы әрқашан көмек қолын созудан қалыс қалған емес. Бұл жолы да қайырымдылық ісін жалғастырып, қиындықта қалған жандармен бірге болды».  width= Осыған дейін оқиға орын алған күннен бастап республикамыз бойынша, «Арыс, біз біргеміз!» атты акцияның бастау алып кеткені мәлім. Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде елорда этномәдени бірлестіктерінің өкілдері бас қосып, қайырымдылыққа бағытталған істерді жүйелі атқарып шығуға уағдаласқан. Сондай-ақ, Түркістан облысы Шымкент қаласына «Нұр-Сұлтан қаласы өзбек этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Шарипов Хасан Холматұлы 22 тонна ұн жөнелткен болатын. #АРЫСБІЗБІРГЕМІЗ!