28 Маусым, 14:32 761 0 Әлеумет Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

5 миллион қазақстандықтың өсімпұлы кешіріледі

5 миллионнан аса қазақстандықтың кепілсіз кредитінің өсімпұлы мен айыппұлдары кешіріледі. Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Тұтынушылық кепілсіз несие алып, айыппұлдар мен өсімақылары пайда болған 5 миллионнан аса адам бар. Бұл шамамен 48 миллиард теңге. Айыппұлдар мен өсімпұлдардың бәрі өтеледі, дисконты бар қаржы ұйымдарынан Проблемалық кредиттер қоры сатып алады. Кез келген адам үшін бұл өтелгенді білдіреді", - деді Смайылов кулуарда. Айыппұлдар мен өсімпұлдар банктерден де, микроқаржы ұйымдарынан да алынады. Оның айтуынша, негізгі қарыздың жабылу-жабылмауына қарамастан, айыппұл мен өсімпұл өтеледі. Айта кетейік, бұған дейін қазақстандықтардың несие бойынша өсімпұлы кешірілетіні хабарланған болатын. Тікелей және атаулы қаржылай көмек ретінде жоғарыда аталған санаттағы азаматтар үшін мемлекет екінші деңгейлі банктер мен шағын қаржы ұйымдарынан алынған жалпы мөлшері 300 мың теңгеге дейін негізгі несиені және оған есептелген сыйақы өтелітіні хабарланған. Кейін табысы аз қазақстандықтарға кредит беруге тыйым салынады.

Соңғы жаңалықтар