Ерболат Шалдыбековтың«Шырқа, даусым» концерті өтеді

Ерболат Шалдыбековтың«Шырқа, даусым» концерті өтеді

Ерболат Шалдыбековтың«Шырқа, даусым» концерті өтеді
ашық дереккөзі
29 маусым сағат 19.00-де «Қазақстан» ОКЗ Камералық залында Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Ерболат Шалдыбеков «Шырқа, даусым»концертін ұсынады. ​ ​ «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының солисі Ерболат Шалдыбеков – еліміздегі танымал дәстүрлі әншілердің бірі, Жетісудың әншілік-жыршылық мектебінің жарқын өкілі. Оның орындауындағы құлақ құрышын қандырар әндер әдемі әуезбен, терең мағыналы сөздермен өрнектеліп, тыңдарман қауымның ерекше ықыласына бөленген. ​ ​ Ерболат Шалдыбековтың «Шырқа, даусым» концерті қазақтың әйгілі композиторы К.Әзірбаевтың 135 жылдығына орай өтпек. Концерттің бағдарламасына көпшілік сүйіп тыңдайтын халық әндері, сондай-ақК.Әзірбаев, Ж.Жабаев, С.Аронұлы, С.Мошанұлы, Т.Момбеков сынды белгілі ақын-композиторлардың туындылары енді. ​ ​ Концертте Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері Жанғали Жүзбай, Ардақ Балажанова, «Астана сазы» фольклорлық ансамблі мен Е.Шалдыбековтың шәкірттері өнер көрсетеді. ​ ​ Ерекше концерттік бағдарлама, рухани мәні терең әуендер мен орындаушылардың жоғары шеберлігі тоғысқан Ерболат Шалдыбековтың концерті елордалық көрермендерге тамаша тарту болары анық.