Дональд Трамп: АҚШ Иранмен диалог орнатуға дайын

Дональд Трамп: АҚШ Иранмен диалог орнатуға дайын

Дональд Трамп: АҚШ Иранмен диалог орнатуға дайын
ашық дереккөзі
Трамп әкімшілігі Тегеранмен диалог орнатуға ұмтылатынын жариялады. Бірнеше күн бұрын америкалық дрон атып түсірілген соң АҚШ пен Иран қақтығысып қала жаздаған еді. Дональд Трамп диалогтың алдын ала шарттары талқыланбағанын айтты. NBC News телеарнасына берген сұхбатында АҚШ президенті келіссөздерде ядролық бағдарлама мәселесін де талқылауға үміттенетінін айтты. “Біз тез арада келісімге келе аламыз. Бірақ ол үшін Иран бұрынғыдай дамыған ел болуын қалайы керек", - деді Трамп. АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Таяу Шығысқа сапары қарсаңында осы мазмұндас мәлімдеме жасады. Помпео Сауд Арабиясына, Біріккен Араб Әмірліктеріне барып, аймақ мәселесін талқылайды. Тегеранмен достасқысы келетінін білдірген Дональд Трамп бүгін Иранға қатысты жаңа санкцияларды жариялауы керек.