Он бағыт – оң нәтижеге жетелейді

Он бағыт – оң нәтижеге жетелейді

Он бағыт – оң нәтижеге жетелейді
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімі кезінде ел көлемінде алдағы уақытта атқарылуға тиісті жұмыстың басты 10 бағытын атап өтті. Президент негізінен қоғамдағы әлеуметтік мәселелерге назар аударды. Бұған соңғы кезде елімізде қордаланып қалған түйткілдер себеп. Мәселен, Президент бірінші бағытында халықтың табысын арттырып, экономикалық өсімді қамтамасыз етуге басымдық беріп, «Азаматта­рымыз өз елінде алаңсыз өмір сү­ріп, мақтан тұту үшін экономикалық өсім болуы керек» деді. Ал  екінші бағытында сыбайлас жемқорлықты жоюға шақырды. 1 қыркүйекке дейін сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша реформалар топтамасы дайындалатынын ескертті. Үшінші бағыты сот және құқық қорғау жүйесін реформалауға арналса,  төртінші бағыт жаңа жұмыс орындарын ашу және халықты лайықты жалақымен қамтамасыз етуді қамтыды. «Ұлттық табысты әділ бөлу – стратегиялық маңызды міндет»,  – деп атап өтті Президент. Бесіншісі – күн тәртібіндегі күйіп тұрған баспана мәселесін шешуге бағытталмақ. Бұдан былай халықты сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі басты назарда болады. Алтыншы бағыт – әділетті әлеуметтік саясат. Бұл бойынша адами құндылықтарды дамыту бағыты жалғасады. Жетінші бағытта өңірлерді дамытудың жаңа бағдары сөз болды. Бұған дейін де айтылғандай, «Қуатты аймақтар – қуатты Қазақстан» бағыты жалғасады. Жергілікті өзін өзі басқару жүйесі нығайтылмақ. Сегізінші, рухани жаңғыру үрдісі жалғасады. Тарихқа құрмет, Отанға адал болу – асыл қасиеттер. Бұл қасиеттер Қазақстан халқының жасампаздығын нығайтады. Тоғызыншы, сыртқы саясатта Қазақстанның әлемдік қауымдастық алдындағы беделі айқындала түспек. Қазір еліміздің сенімді серіктес ретінде танылып, беделі бекіп үлгерді. Оныншы, жастарға үлкен сенім артылады. Елімізде «Жастар – ел тірегі» арнайы жобасы мен «Жас кәсіпкер» бағдарламасы одан әрі жалғасады. Жастарды мемлекеттік қызметке көптеп жұмылдыру үшін президенттік кадр резерві құрылады.

Динара Мыңжасарқызы

«Turkystan»

  Атамұрат Шаменов, экономист:  width= Президент баспана мәселесіне айрықша назар аударуда – Тұрғын үймен қамту ісі еліміздегі ондаған жылдардан бері шешілмей келе жатқан мәселенің бірі. Әлеуметтік түйткілдің бастауында осы баспана тауқыметі тұр. Бірінші, халыққа жұмыс істеуге жағдай жасау, мүмкіндік туғызу керек. Тұрғын үй – осы фактордың басты түйткілі. Әсіресе, жастарды баспанамен қамтуды қолға алу керек. Біз осылай олардың тезірек отбасы құруына жол ашамыз. Себебі, демография саны артуы қажет. Президенттің де алға қойған басым бағыттарының бірі осы мәселеге арналды. Ел Президенті түрлі санаттағы азаматтардың қолжетімді баспанаға ие болуына айрықша назар аудармақ.   Қ.Тоқаев билік алдында «Бірыңғай тұрғын үй саясатын» жасақтау міндеті тұрғанын айтып, Үкімет осы бағытта нақты шаралар қабылдайтынына сенім білдірді. Жалпы, елімізде бұған дейін де баспаналы болуға арналған түрлі бағдарламалар қабылданды. Мәселен, былтыр 12,5 млн. шаршы метр жаңа тұрғын үй пайдалануға берілсе, бұл көрсеткіш 2017 жылғы деңгейге қарағанда 12,1 пайызға өскендігін көреміз. Оның үстіне биыл 13 млн. шаршы метр жаңа тұрғын үй салынады деген жоспар бар. Жыл басынан бері 4,6 млн. шаршы метр тұрғын үй нысандары пайдалануға берілді. Көпбалалы отбасылар үшін 7 жылға жалға берілетін тұрғын үй салуға және сатып алуға 350 млрд. теңге қарастырылған. Осы кезең ішінде жыл сайын 6 мың жалға берілетін пәтердің құрылысы қамтамасыз етілмек. Айта кетерлігі, биылғы жылдың мамыр айында әкімдіктер көпбалалы отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үй бере бастады. Қосымша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы аз қамтылған көпбалалы, толық емес отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларды жылдық 2 пайызбен несиелеу енгізілуде. Бұл арқылы жыл сайын 6 мың отбасының тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік тумақ.   Нұрдәулет ӨМІРЗАҚ, жеке кәсіпкер: Жастар мен көпбалалы отбасыға көңіл бөлу маңызды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде халық көкейінде жүрген талай жайтты ақтарды. Әлеуметтік қамсыздандырумен қатар түрғын үй тапшылығынан зәрезап болған отандастарымыз жетерлік. Мемлекет басшысы 10 бағытқа бөлген жүйелі жоспар ішінде баспана мәселесі көтерілгені қуантты. «Түрғын үй мәселесін шешу. Түрлі санаттағы азаматтардың қолжетімді баспанаға ие болуына айрықша назар аударамын. Біздің алдымызда Бірыңғай түрғын үй саясатын жасақтау міндеті тұр. Үкімет осы бағытта накты шаралар қабылдайды» деген президент Қ.Тоқаев сөзі талай жүрекке жылы тигені анық. Тәуелсіз Қазақ­станның жас азаматы ретінде мемлекет басшысының аталған саясатына қолдау білдіремін. Осыған дейінгі атқарылған жұмыстармен БАҚ беттерінде жарияланған материалдар арқылы хабардармын. 2017 жылдан бастап, жыл сайын 3000-ға жуық пәтер салуға республикалық бюджеттен жалға берілетін тұрғын үй қорын құру үшін өңірлерге 25 млрд. теңге бөліп жатқанын білемін. Тіпті осы жылдан бастап жыл сайынғы қаржыландыруды 10 млрд. теңгеге арттыру жоспарланған-ды. Мамандар есебі бойынша аталған қаражат жыл сайын тағы 1000 түрғын үйді пайдалануға қосымша тапсыруға мүмкіндік беретінін айтқан. Мемлекет басшысы бесінші бағыт ретінде тоқталған тұрғын үй мәселесін шешу және түрлі санаттағы азаматтардың қолжетімді баспанаға қол жеткізуі болашағымызды жарқын етпек. Маңайыма көз жүгіртіп отырып айтар болсам, баспана үлестіру кезінде көпбалалы отбасылар мен жас отбасыларға баса ден қойылса екен. Сондай болған кезеңде жас отбасылар көбейіп, олар екінші үй алу үшін көпбалалы отбасы болуға ұмтылар еді.     Әлия Аблашова, Алматы қалалық №100 мектеп директоры:  width= Ұстаздар қауымы тұрғын үй  дегенде елең ете қалдық – Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет дамуының 10 бағытын атап өтті. Экономикалық өсім, жемқорлықпен жүйелі күрес, әділ сот, жаңа жұмыс орындарын ашу, әртүрлі санаттағы қызметкерлерді баспанамен қамту мәселесі, ұстаз бен дәрігердің беделін көтеру, көпвекторлы Қазақстанның дамуы, тағы басқа түйткілдер сөз болды. Әсіресе, біз, ұстаз қауымы тұрғын үймен қамтамасыз ету дегенде елең ете қалдық. Біз қаншама ұрпақ тәрбиелеп келеміз. Әлеуметтік тұрмысы сын көтермейтін маманның кәсіби тұрғыдан өсуіне кедергі көп. Онсыз да жалақысы аз ұстаз қауымын баспанамен қамту үлкен мүмкіндік. Сол сияқты біз көпбалалы отбасының да дер кезінде өз баспанасына қол жеткізуіне мүдделіміз. Себебі небір дарынды, талантты балалар осындай отбасынан шығады. Олардың жан-жақты дамуы үшін әуелгі кезекте баспана керек.