2022 жылғы әлем чемпионаты Францияда өтеді

2022 жылғы әлем чемпионаты Францияда өтеді

2022 жылғы әлем чемпионаты Францияда өтеді
ашық дереккөзі
Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы (ISU) мәнерлеп сырғанаудан 2022 жылы әлем чемпионатын қабылдайтын қаланы анықтады. Ерекше өнерлілер бақ сынайтын әлемдік дода Францияның Монпелье қаласында өтеді. 15 маусымда өткен ISU кеңесінде осындай шешім қабылданды. Әлемдік сын 21-27 наурыз аралығында ұйымдастырылмақ. Сондай-ақ, мәнерлеп сырғанаудан өтетін ірі жарыстар кестесі де анықталды. 2021 жылғы төрт құрлық чемпионаты Австралияның Сидней қаласында, 8-14 ақпан аралығында өтеді. 2022 жылдың 3-6 наурызы аралығында конькимен жүгіруден әлем чемпионатын Норвегияның Хамар қаласы қабылдайды. Ал сол жылы шорт-тректен әлем чемпионаты Канаданың Монреаль қаласында, 18-20 наурыз аралығында өткізіледі.