14 Маусым, 15:50 457 0 Қауіпсіздік Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Алик Шпекбаев – Антикоррупциялық қызметтің басшысы

Алик Шпекбаев Антикоррупциялық қызметтің басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Facebook желісінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент директорының орынбасарының міндетін атқарушы Дидар Смағұлов хабарлады.

Еске салайық, кеше, 13 маусымда Мемлекет қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екі ведомствоға бөлінген еді. Бұл жарлыққа Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған.   Ал Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің басшысы болып Мәжілістің экс-депутаты Анар Жайылғанова тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар