3 Маусым 2019, 18:03 701 0 Денсаулық Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Қостанайда бокс орталығы ашылады

Қостанай қаласында бокс орталығы ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Гашек көшесіндегі картинг-орталық базасында Қостанай облыстық Бокс федерациясының отырысы өтті. Шараға облыс әкімі Архимед Мұхамбетов, федерацияның атқарушы комитетінің және жаттықтырушы-оқытушылық құрамы қатысты. «Қостанай қаласында бокс спортын дамыту үшін кешенді шаралар қолға алынбақ. Солардың бірі - биыл қаладағы картинг-орталық базасында бокс орталығын құру жоспарланып отыр. Мұнда өңірдегі жасөспірімдер де, осы спортпен шұғылданып жүрген былғары қолғап иелері де жаттығып, жарыстарға қатыстырылады», - делінген қала әкімдігінің баспасөз хабарламасында.   Бүгінгі отырыста облыстағы бокс қауымдастығы президенті лауазымына Қостанай қаласы әкімі Қайрат Ахметов ұсынылып, оның үміткерлігі бірауыздан қолдау тапты.

Соңғы жаңалықтар