Олжас ақын ұлықталды

Олжас ақын ұлықталды

Олжас ақын ұлықталды
ашық дереккөзі
Семейдегі Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетте мемлекет және қоғам қайраткері  Олжас Сүлейменов атындағы орталық ашылды. Салтанатты рәсімге ақынның өзі қатысып, жастарға батасын берді. Мұнда қоғам қайраткерінің шығармашылығымен танысып, әдеби отырыстар өткізуге болады. Ал танымал қаламгер жас ұрпаққа ағартушылық жолда талмай еңбектеніп, талаптануды тіледі. «Университетке оқуға түскен жастар, қай мамандықты таңдаса да, ең алдымен адамшылық жолдан таймауы тиіс. Өзін тану арқылы өзгеге қызмет етеді. Жаңа орталық еліміздегі парасат-пайымы биік, отаншыл буынды тәрбиелеуге үлес қосады деген сенімім мол»,- деді Олжас Сүлейменов.