Сайлаушылар тізіміне 12 млн-ға жуық қазақстандық енгізілді

Сайлаушылар тізіміне 12 млн-ға жуық қазақстандық енгізілді

Сайлаушылар тізіміне 12 млн-ға жуық қазақстандық енгізілді
ашық дереккөзі
Алдағы 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауында дауыс берушілер тізіміне 12 млн-ға жуық қазақстандық енгізілді. Бұл туралы ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров мәлімдеді. 25 мамырдан әрбір сайлаушы өзінің тізімде бар-жоғын тексере алады.  – Азаматтардың тіркелген жерлерінде жасақталған сайлау учаскелерінен әкімдердің қолы қойылған 11 947 995 сайлаушының тізімі берілді, - деді баспасөз жиынында Петров. Оның айтуынша, 25 мамырдан бастап бұл тізімдермен әрбір сайлаушы таныса алады, әркім өзінің тізімде бар-жоғын тексере алады. – Азаматтар келіп жатса, бұл тізім әлі де өзгеруі мүмкін. Тізімде жоқтар сайлау күніне дейін өздерін тізімге қостыра алады, – деп нақтылады ОСК төрағасының орынбасары. Ал шетелдегі дауыс берушілер тізімі сайлау күні жақындағанда жасалады. – Шетелдегілер үшін сайлаушылар тізімі сайлауға бес күн қалғанда жасалады. Шет елдерде 560 участок бар, ондағы тізімдер әлі жасалмады, – деді Петров.

Рысбек АРАПХАНҰЛЫ