АҚЫННЫҢ АВТОПОРТРЕТІ

АҚЫННЫҢ АВТОПОРТРЕТІ

АҚЫННЫҢ АВТОПОРТРЕТІ
ашық дереккөзі
Автопортрет – белгілі бір адамның өзін-өзі бейнелеуі. Бұл көбіне суретшілерде кездесетін тәсіл, яғни, суретшілер өзінің суретін салып – автопортрет жасайды. Ал әдеби автопортрет ақын, жазушының өз сөзімен жасалады. Кейінгі дәуірде бұл әдіс теледидарда да қолданыла бастады. «Асыл арна» телеарнасында біраздан бері белгілі режиссер, сценарист, прозашы, көптеген авторлық фильмдердің авторы Данияр Саламат жүргізіп келе жатқан «Автопортрет» бағдарламасында халқымызға белгілі тұлғалармен бірге орта жастағы бірқатар талантты ақын-жазушылардың да автопортреті  жасалып, көрермендерге ұсынылды. Жақында аталған бағдарламаның қонағы болған ақын, Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты Ахмет Өмірзақ әдебиетке өзінің қалай келгені, әдебиеттің болмысы, әдеби үрдіс, әдебиетшілер туралы көзқарасын білдіріп, ой толғады. Сондай-ақ біраз жылдан бері халықаралық «Түркістан» газетінің белді журналисі  ретінде рухани тәлімі терең, танымдық мақалаларын жариялап жүрген ол журналистиканың қаламгерлер өміріне қатысты тұстарына да тоқталып, пікір айтты. Төмендегі бейнежазбада Ахмет Өмірзақтың ақындық болмысы ашылған дей аламыз. Қарап көріңіз.   «Түркістан-ақпарат»