Көп балалы отбасылардың үйлерін жөндеп береді

Көп балалы отбасылардың үйлерін жөндеп береді

Көп балалы отбасылардың үйлерін жөндеп береді
ашық дереккөзі
Еліміздегі көп балалы отбасылардың үйлеріне жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Бұл тек жаңа тележоба аясында жүзеге асырылады. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев хабарлады. Министрдің айтуынша, жоба мемлекеттік ақпараттық тапсырыспен республикалық телеарналардың бірінде көрерменге ұсынылатын болады. Бағдарлама желісі бойынша, еліміздің кез келген өңірінен 24 көп балалы отбасы таңдалады. Отандық телеөнім арқылы оған қатысқан бірқатар отбасының пәтері мен үйлері толық жаңартылады. Оған мемлекет тарапынан 130 миллион теңге қаражат бөлінген. Әзірге жоба дайындық үстінде. Яғни қатысқысы келетін көп балалы отбасылардан өтінімдер қабылданады. Ал телебағдарлама 11 тамыздан бастап көрерменге жол тартады. «Жыл сайын көп балалы отбасыларды қолдау мақсатында мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылдың өзінде атаулы әлеуметтік көмекпен қатар 40 мың жалдамалы пәтер құрылысына қатысты жаңа іс-шаралар қолға алынды. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі де көп балалы отбасыларға байланысты бастамаларды қолдауға әрдайым дайын», деді Дәурен Абаев.