15 Мамыр 2019, 11:55 549 0 Өнер Túrkistan Gazeti

Ержан Максим Ресейде оқиды

Ресейдің «Голос Дети» байқауына қатысып, көрермен көзайымына айналған Ержан Максим Ресей жерінде білімін жалғастырмақ. Нақтырақ айтсақ, РФ халық әртісі, композитор әрі продюсер Игорь Крутой қазақстандық жас әнші Ержан Максимге өзінің музыкалық академиясына оқуға түсіп, білімін шыңдауды ұсынған.

Ержан жуырда Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетовтің қабылдауында болды. Кездесу барысында қазақстандық жас әншінің шығармашылық жоспары талқыланған. Ержан «Голос. Дети» жобасына қатысқаннан кейін өмірінде қандай өзгеріс болғанын және алдағы уақытта немен айналысуды жоспарлап жүргенін айтты.

Ал, Instagram желісінде Е. Максим: «Достар, Мәскеуге жасаған сапарым сәтті болды. Неге дейсіз ғой. Мен ең алдымен, еліміздің аптал азаматы Иманғали Нұрғалиұлымен кездестім. Сол кездесуіміздің нәтижесі ретінде көптен бері армандап жүрген атақты композитор, продюсер Игорь Крутоймен таныстым. Студияда тыңдаған маэстро мені ұнатып, өзінің музыкалық академиясына шақырды. Мен қуана келістім. Енді, достар, күзден бастап сол жерде вокал бағыты бойынша өнерімді шыңдайтын боламын. Әрине, мұның барлығы Иманғали ағамыздың арқасы деп білемін. Осындай азаматтардың арқасында шығармашылығым жалғасып, жемісін беретініне сенімім мол», – деп жазды Ержан.

Соңғы жаңалықтар