Помпео Берлин мен Бағдатқа барды

Помпео Берлин мен Бағдатқа барды

Помпео Берлин мен Бағдатқа барды
ашық дереккөзі
АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео сейсенбі күні кешкісін Ирак астанасына барды деп хабарлайды Ирак үкіметіндегі дереккөзге сілтеме жасап Reuters, France Press және араб елдерінің ақпарат құралдары. Помпеоның Бағдатқа сапары ресми нақтыланбады. БАҚ мұны оның қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланыстырады. Ол Ирак үкіметімен Иран айналасындағы жағдайды талқылауы мүмкін деп жазады БАҚ. Сейсенбі күні мемлекеттік департамент басшысы аяқ астынан Берлинге сапарын шегерген. АҚШ-тың Германиядағы елшілігі мұны "жедел мәселелерге байланысты" деп түсіндіріп, мемлекеттік хатшы жақын уақытта Берлинге келеді деп үміттенетінін жеткізген. Бірер күн бұрын Помпео Финляндияда Ресей СІМ басшысы Сергей Лавровпен кездескен. Сәрсенбі күні Лондонға баруды жоспарлаған. Мұнан бөлек Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков 14 мамырда АҚШ мемлекеттік хатшысы Сочиге барады деп мәлімдеді. Помпеоның Иракқа сапары Иран тарабынан қауіп төніп тұр деген хабарға байланысты болуы мүмкін. Таяуда АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Болтон Парсы шығанағы маңына ұшақ тасымалдағыш, ал Таяу Шығысқа қосымша бомбалаушы жеткізіледі деп мәлімдеген болатын.