Иран жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау ұйымынан шыға ма?

Иран жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау ұйымынан шыға ма?

Иран жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау ұйымынан шыға ма?
ашық дереккөзі
Иран АҚШ тарапынан салынған санкцияларға жауап ретінде Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау ұйымынан шығу мүмкіндігін қарастыра бастады. Бұл туралы Иранның сыртқы істер министрі Джавад Зариф жексенбі күні мәлімдеді. Оның айтуынша, Тегеран Құрама Штаттардың әрекетіне жауап қатудың бірнеше нұсқасын қарастырған, келісімнен шығу - сол нұсқалардың біріне жатады. АҚШ сәуір айында санкция тізіміне Иран қарулы күштерінің мәртебелі бөлімі - Ислам революциясын қорғаушылар корпусын да қосты. Вашингтон бұл бөлімді террористік әрекеттерді қолдады деп айыптады. Бұған қоса АҚШ мамыр айынан бастап Иран мұнайын алуға бірқатар елдерге берген жеңілдіктерінің күшін жояды. Оның үстіне Вашингтон Ираннан мұнай сатып алған кез келген санкция салатынын қатаң ескертті. АҚШ президенті Дональд Трамп бұның алдында Иранмен арадағы "ядролық келісімнен" шығатынын мәлімдеді. Вашингтон Тегеранды келісім шарттарын бұзып, Таяу Шығыстағы жағдайды тұрақсыздандырды деп айыптады. ЕО елдері, Ресей және Қытай АҚШ-тың бұл әрекетін құптамады. Иранның Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау туралы келісімнен шығу ниеті ядролық қаруға ұмтылмау жауапкершілігінен бас тартатындығын көрсетеді.