26 Сәуір 2019, 15:39 940 0 Сыртқы саясат Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

"Лукойл" Өзбекстанға 2 млрд доллар инвестиция құймақ

Ресейлік «Лукойл» компаниясы Өзбекстанда жобаларды дамыту үшін 2 млрд доллар көлемінде инвестиция бөледі.

Бұл жөнінде «Лукойлдың» президенті Вагит Алекперов Бұхарада өткен директорлар кеңесінің көшпелі отырысында мәлімдеді.

Инвестициялар Гиссар және Кандым тобы кенішіне бөлінбек.

Соңғы 15 жылда «Лукойл» компаниясы Өзбекстанға 8 млрд доллар қаржы бөлген.

Биыл наурыз айында Өзбекстан «Лукойлға» былтыр жеткізген газ үшін 600 млн доллар қарыз болғаны айтылған.

Компания 2020 жылға қарай Өзбекстанда жылына 18 млрд текше метр газ өндіруді жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар