22 Сәуір 2019, 19:43 944 0 Аймақ Ахмет ӨМІРЗАҚ

ЭЛИЗАБЕТТІҢ ЖҮЛДЕСІНЕ АРНАЛҒАН ТУРНИР

15-17-сәуір аралығында Қызылорда қаласындағы «Мұз айдыны» кешенінде Қызылорда облысы спорт басқармасының ұйымдастыруымен мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаеваның жүлдесіне арналған «Көктем жұлдыздары» республикалық ашық турнирі өтті.

Сайысқа Өзбекстаннан, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды және Қызылорда облыстарынан 150-ге жуық спортшы қатысты.

Турнирде Лариса Давыдова жетекшілік ететін Қызылорда облысының мәнерлеп сырғанаушылар командасы 4 алтын, 3 күміс, 4 қола медалды иелеп, жоғары жетістікке жетті.

Естеріңізде болса, Элизавет Тұрсынбаева Жапонияның Сайтама қаласында өткен мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында күміс медаль иеленіп, әлемнің назарына түскен еді.

;feature=youtu.be

 

 

Соңғы жаңалықтар