Наурыз тойын дәрігерлер атап өтті

Наурыз тойын дәрігерлер атап өтті

Наурыз тойын дәрігерлер атап өтті
ашық дереккөзі
Жуырда Алматыдағы №1 қалалық емханасы наурыз мейрамын тойлады. Ақ халатты абзал жандар бұл мейрамды тойлауды бірнеше жылдан бері үрдіске айналдырған. Ұлттық нақыштағы киім киген мейірбикелер өз өнерлерін ортаға салып, мерейлі мерекенің көркін кіргізді. Онан өзге ұлттық тағамдар дайындалып, Ұлыстың ұлы күні жоғары деңгейде аталып өтті. Наурыз тойында сөз алған дәрігерлер наурыз бен саулықты, сымбатты қатар сипаттап, олардың ұқсас тұстарын көпшілікке жеткізді. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы – байырғы заманнан келе жатқан “көктемгі жаңару” мерекесі екені белгілі. Наурыз - бес мың жылдан астам уақыттан бері тойланып келеді. Бұл мейрам Орта Азия халықтары, соның ішінде қазақ халқының да ұлттық мейрамы.