Қазақстан партиялары съез өткізеді

Қазақстан партиялары съез өткізеді

Қазақстан партиялары съез өткізеді
ашық дереккөзі
16 cәуір – «TÚRKISTAN» weekly. Саяси партиялар президент сайлауына кандидат ұсынуға дайындалып жатыр.

 "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясының съезі 25 сәуірде өтеді. , "Ауыл" партиясы съезінің күнін соңғы болып белгіледі.

Болжам бойынша, саяси ұйымның мүшелері президент сайлауына қатысу туралы шешім қабылдайды. "Ауыл" партиясының басшысы, сенатор Әли Бектаевтың айтуынша, партия мүшелері кезектен тыс сайлаудан тыс қалмауы тиіс. Оның пікірінше, дауыс беру "Қазақстанның демократиялық имиджін сақтауға" мүмкіндік береді. "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы 2015 жылы 5 қыркүйекте құрылды. Қазір оның құрамында 300 мыңдай адам бар. Қазақстанның саяси партиялары президенттікке ұсынылатын кандидаттардың аты-жөнін жариялауы тиіс париялық съезд күнін белгілеп жатыр. Nur Otan партиясы өз кандидатының аты-жөнін 2019 жылдың 23 сәуірінде хабарлайды. 1999 жылы құрылған партияның көшбасшысы – Нұрсұлтан Назарбаев. Партия мүшелерінің саны – 900 мың адам. 24 сәуірде "конструктивті оппозиция" позициясын ұстанатын "Ақ жол" партиясы съезін өткізеді. "Ақ жол" партиясының құрамында 250 мыңнан астам адам бар. "Ауыл" партиясының съезі 25 сәуірде болады, ал келесі күні 26 сәуірде құрамында жүз мыңнан астам адам бар Қазақстанның коммунистік халық партиясының делегаттары съезде бас қосады. Кандидаттар ұсыну 2019 жылдың 28 сәуірінде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 18.00-де аяқталады. Бұл уақытқа дейін үміткерлер сайлау алды науқанның қатысушылары атану үшін 118 140 сайлаушының қолын қойғызуы тиіс.