16 Сәуір 2019, 10:38 824 0 Қауіпсіздік Túrkistan Gazeti

Мотоцикл мінген өрт сөндірушілер

16 cәуір – «TÚRKISTAN» weekly. Алматы төтенше жағдайлар департаменті үш жылдан бері көлік кептелісіне бөгелмейтін өрт сөндіруші мотоцикл экипаждарын сынап келеді деп хабарлайды Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Биыл гарнизон құрамында қаланы өрттен қорғайтын мотоциклдердің саны 6-ға жетті. Олар 144 рет аттанып, 2 адамның өмірін сақтап қалды әрі 68 рет өрт сөндірді. Олардың міндеті - оқиға орнына жылдам жетіп, иығына асынған өрт сөндіргіш құралдарының көмегімен өртті лаулап жанбай жатып сөндіру. Автокөліктердің немесе пәтерлердің есігін ашуға қажетті гидравликалық аспабы да бар. Мотоциклдер қала әкімдігінің қолдауымен сатып алынды. Осы жобаның тиімділігі ескеріліп, экипаж саны бірте-бірте артып келеді.

 

Соңғы жаңалықтар