8 Сәуір 2019, 12:36 909 0 Жаңалықтар Túrkistan Gazeti

Қажымқан Мәсімов өмірден өтті

8 cәуір – «TÚRKISTAN» weekly. Бүгін 80 жасқа қараған шағында Ұлттық агроөнеркәсіп палатасының басшысы Қажымқан Мәсімов қайтыс болды.

Қажымқан Қасымұлы 1939 жылы 18 сәуірде Талдықорған қаласында туған. 2016 жылы «Қазақстан ұлттық агроөнеркәсіп палатасы» заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер Қауымдастығы құрылтайшыларының жалпы жиналысында Орталық кеңес төрағасы А.Ж. Игібаевтың ұсынысымен «Қазақстан ұлттық агроөнеркәсіп палатасының» президенті болып сайланған еді. Сол жылдардан бері аталған салада елеулі еңбек етті.

1969 жылы Омбы темір жол институтын бітірді;

1974 жылы Павлодар индустриалды институтын бітірді;

1989 жылы Алматы дене шынықтыру институтын бітірді.

Қазақ туризм және спорт академиясының спорттық медицина кафедрасының құрметті профессоры;

«Ақпараттық қоғамды дамытудағы еңбегі үшін», «Менеджердің медалі» және «Қазақстанның даңқы» және «Экономика Мақтанышы» жеке номиналды ордендерімен марапатталған, сондай-ақ Э.В., «Медицина және фармация саласындағы халықаралық Socrates Award» атағына ие болды.

2008 жылы Ресей Федерациясы Академиясының толық мүшесі болып сайланды.

79 жастағы Қажымқан Мәсімов - Қазақстан ұлттық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Кәрім Мәсімовтің әкесі.

Агроөнеркәсіп палатасы баспасөз қызметінің дерегінше, Қажымқан Мәсімов "Мәсімов сауықтыру орталығы" жеке компаниясының директоры, Қазақстан йога ассоциациясының президенті қызметін атқарды.

"Түркістан-ақпарат"

Соңғы жаңалықтар