Дипломат туралы сыр (С. Батыршаұлына арнау)

Дипломат туралы сыр (С. Батыршаұлына арнау)

Дипломат туралы сыр (С. Батыршаұлына арнау)
ашық дереккөзі
(Өмірбаяндық эссе-толғау) Бұл Сайлаудың әрбір ісі шешілді, Мінбелерде шешен сөйлеп көсілді. Біздің Сәкең, Бауыржаннан кейінгі – Сақтап қалған «ұлы» деген есімді. Бақ дегенің кез келгенге қона ма? Бақ болмаса өмір шіркін, оңа ма? Сақтап қалды, «Ұлы» деген есімді, Өмір бойы – Балғабек те, Шона да. Біздің Сәкең Санатында текті ұлдың. Өзі нағыз шауып түсер өткірдің. Қиындыққа төзе білді, Көрсе де, Компартия тарапынан көп қуғын. «Елдестірмек елшіден». Дипломат, Басқа қонып бақ құсы. Бастау алды Болашақтың сәтті ісі. Министрге орынбасар, Жұмыс емес ол да осал. «Сыртқы істерге...» белгілі, Мол еңбегін сіңірді. Алғаш айтып Бостандықтың ұғымын, Нью-Йоркте, Біріккен Ұлттар Ұйымында – Батыл үн қатты, Біздің Сәкең: – «Қазақстан тәуелсіз мемлекет болады», – деп. Бүгін, Тәуелсізбіз. Егеменді енді елміз. Талай-талай қиындықты көргенбіз. Бұдан кейін, Ассамблея сессиясында, Орын алып отырмыз біз. Дипломат – Қиын жерден табылар. Жер-әлемді Шарлап жүрген шағы бар. Франция, Алжир, Америка, Конго, Египет, Палестина, Израиль ... тағы ел бар. Көрді ол – 50 елдің төрін де. Соның бәрі – Қуат берер көңілге. Жүреді ол – Қиындықтың астымен, Ешқашанда үйренбеген жеңілге. Күресті ол – Жан аямай Тіл үшін, Тілдің жолы – Ұрпақтарға ұлы сын. Астанада, «Мемлекеттік тіл қозғалыстың» Төрағасы болған соң, Жауапты деп түсінеміз жұмысын. Біздің Сәкең, Талантты адам сан қырлы. Қайда жүрсе әспеттеген ән-жырды. Өзі бас боп, Еңбек етіп, күні-түн, Елімізде Тілдің бағын жандырды. Талай-талай Түсе жаздап өзі отқа. Терін төкті Тәуелсіздік – азатқа. «Дипломатия оқулығын» жазды ол – Бірінші боп қазақта! Бірінші боп жазып шықты Нәзірді. Түсінгенге үлкен еңбек қазіргі. «Төреқұлұлы» ең бірінші Дипломат, Сол үшін де, Бірінші боп жазылды. Ұлы мақсат – Батыршаның мақсаты. Белгілі ғой қиындықтан қашпасы. Тілі, Діні, Дәстүрі үшін ұлтымның Жетті осылай Жер жүзіне жақсы аты. Мәртебеге жетеледі әр белес, Көңілі бай. Тұрмысы да жарлы емес. Ұлы ұстаз, Профессор атақты, Мақтау менен марапаттан кенде емес. Біздің Сәкең Қайда барса, Төрде орын. Ұрпағына жеткізеді көргенін. Тәуелсіздік күресі үшін алды ол, Елбасының Жарлығымен «Құрмет» пенен «Парасат» орденін. Дәріс беріп, Көрді талай көп алдын. Жайбарақат Тыныш жүру – оған мін. Иесі ол, Алашымның көсемі, «Байтұрсынұлы атындағы» медальдың. Көрсе-дағы Қиындықтың зорын да Жан аямай Тәуелсіздік жолында. Көп нәрсені беделімен тындырды, Өткір билік болмаса да қолында. Елші болып аралады ел неше, Жан-жүрегін мол қуаныш кернесе. Не болады, Түркияға ұшырып, Шахановқа «виза» қойып бермесе. Атағы оның шарлап кетті аспанды, Жазды талай өлең-жырды дастанды. Шахановтың қазақ үшін күресі Дәл осынау – Әуежайдан басталды. Тұрған кезде елдің қаупі асқынып, Тәуекелге батыл барып – бәс тігіп. Ұлт тағдыры қиындыққа түскенде, Көрінген жан жасай бермес жақсылық. Мінез қандай, Майда қоңыр сөз неткен. Әр халықтың өз тілінде сөйлескен. Біздің Сәкең, Дипломат болған соң, Елбасымен талай рет бір жүрген. Демеушісі – Дәстүрінің, Салтының, Шаршап сірә, Тапқан емес сәл тыным. Үкіметтің пәрменіне үн қосқан, Біздің Сәкең, Патриоты халқының. Әлі талай алға асады Айбатты ел, Кездессе де талай асу, Тайғақ бел. Біздің Сәкең, Ұраншысы ұлтының Біздің Сәкең – Қажымайтын қайраткер!

Серік Тұрғынбекұлы

Астана, 05.01.2017.