EURONEWS: АҚШ Конгресі Кремль саясаты мен Владимир Путинге қарсы 4  жеке заң қабылдады

EURONEWS: АҚШ Конгресі Кремль саясаты мен Владимир Путинге қарсы 4  жеке заң қабылдады

EURONEWS: АҚШ Конгресі Кремль саясаты мен Владимир Путинге қарсы 4  жеке заң қабылдады
ашық дереккөзі
Бірінші заң Ресей президентінің қатысуымен өткізілген сыбайлас жемқорлық қылмыстарын ашуды көздейді. Ол үшін АҚШ-тың Ұлттық барлау басшысы 6 ай ішінде Путиннің және оның отбасының атына тіркелген дүние-мүліктері мен қаржы қорлары туралы есеп даярлауы, сондай-ақ, жемқорлық қызметінде оған көмек көрсетіп жүрген адамдарды анықтауы қажет. Екінші заң Борис Немцовтың өліміне кінәлі адамдарды жауапкершілікке тартып, «әділдік пен әділеттілікке жетуді» талап етеді. «Конгрес өкілдері Ресейде демократия мен адам құқықтары үшін күрескен ресейлік оппозиция жетекшісі Борис Немцовты өлтіргені үшін және оның қылмыстық ісін жауып-жасырғаны үшін айыптайды», – делінген құжатта. Қарар Немцов өлімін тергеу ісіне ЕҚЫҰ мен Еуропа Кеңесін шақырып, олардан қолдау күтетіндігін айтады. Сонымен қатар АҚШ-тың Ұлттық барлау басшысына қылмыстың мән-жайын анықтап, қатысушылары туралы егжей-тегжейлі есеп дайындау және осы істі шешу үшін Ресейдің жасаған қадамдарын бағалауды міндеттейді. Үшінші заң бойынша АҚШ үкіметіне Қырымды Ресейдің бөлігі ретінде тануға тыйым салынады. Құжатта: «Мемлекеттік бір де бір департамент те, агенттік те Қырымды Ресей Федерациясының қарамағында етіп танытатын, аймақтық суларына үстемдік жүргізетін істеріне жоламауы және оған көмек көрсетпеуі қажет», – делінген. Соңғысы бойынша, Ұлттық барлау басшысы 3 айдың ішінде  Кремль және оның жақтастарының АҚШ-қа қатысты ниетін бағалап, есеп дайындауы қажет. Атап айтқанда, НАТО мүшелеріне қарсы әлеуетті әскери іс-қимылдарды анықтау, АҚШ пен НАТО-ның Шығыс Еуропадағы және Ресейдің Батыс елдерімен қарым-қатынастарын әлсірете алатын аймақтардың көбею ықтималдылығын анықтау жоспарланған.