Тікұшақ апатынан қаза тапқандардың тізімі

Тікұшақ апатынан қаза тапқандардың тізімі

Тікұшақ апатынан қаза тапқандардың тізімі
ашық дереккөзі
ҚР Қорғаныс министрлігі Қызылорда облысы аумағында тікұшақ апатынан қаза тапқандардың тізімін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Роман Костыгов - майор 26.04.1985 Тимур Құдайбердиев - майор 17.09.1985 Аслан Айтбаев - лейтенант 10.11.1994 Данияр Қоңырбай - майор 10.11.1985 Сабыр Тоқбаев - майор 15.12.1977 Сырым Мәсәлім - капитан 11.12. 1989 Қайрат Нұрсапанов - 3-сыныпты сержант 08.10.1973 Мұрат Шәріпов - аға сержант 04.01.1979 Асхат Абдулманат - кіші сержант 21.09.1982 Айдын Әбділдинов - ефрейтор 11.12.1978 Қуаныш Сартықбаев - ефрейтор 08.09.1986 Өмірхан Каукаев - ефрейтор 21.08.1990 Мирас Жұматаев - ефрейтор 10.02.1991 Еске сала кетсек, ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі бұған дейін Қызылорда облысының Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырағанын хабарлаған болатын. Қорғаныс министрлігінің ақпаратына сәйкес, аталған тікұшақ 4 бірдей әскери тікұшақ құрамынан тұратын бөліммен бірге Ақтау қаласынан Шымкентке ұшып бара жатқан. Ұшу сапары арнайы бөлімшелердің «Алтын жебе» кешенді оқу және жаттығу аясында қараңғыда әрі күрделі метеорологиялық жағдайда жүргізілген. Тікұшақта болған 13 адам қаза тапты. «Жауынгерлік міндетін атқару барысында ҚР Қарулы күштерінің тікұшағының апатқа ұшырауы салдарынан оқу-жаттығу кезінде бортта болған 13 әскери қызметші қаза тапты. Қазақстан Республикасының бүкіл Қарулы Күштері қаза тапқандардың туған-туыстарына қайғырып, көңіл айтады. Қорғаныс министрлігінің басшылығы моральдық және материалдық көмек көрсету бойынша барлық шараларды қолға алады», - делінген ҚР Қорғаныс  министрлігі сайтындағы ақпаратта.