Польша үкіметі Ресейді сотқа бермекші

Польша үкіметі Ресейді сотқа бермекші

Польша үкіметі Ресейді сотқа бермекші
ашық дереккөзі

2010 жылы Смоленск түбіне құлаған ұшақ сынықтарын бермей отырғаны үшін Польша Ресейді сотқа беруге ниетті.

2010 жылы сәуірде Смоленск түбіндегі ұшақ апатынан 96 адам, оның ішінде Польша президенті Лех Качинский мен үкіметтің бірнеше жоғары шенді өкілдері қаза тапқан болатын. Ресей содан бері «апат себебін анықтауға керек» деп ұшақ сынықтарын Польшаға қайтармаған. TVN24 телеарнасының эфирі арқылы Польша сыртқы істер министрлігінің өкілі Витольд Ващжуковский Варшава Ресейді «Польша мүлкін ұстап, қайтармай отырғаны үшін» Страсбургтегі адам құқығы жөніндегі сотқа беретінін мәлімдеді. «Ресейдің ұшақ сынықтарын саяси мақсатта қайтармай отырғаны белгілі, сондықтан біз оған саяси мәнерде жауап беруіміз керек», –деді Ващжуковски. Польша мен Ресей тергеушілері ұшақ апатына ұшқыштың қателігі мен қолайсыз ауа-райы себеп болды деген қорытындыға келген болатын. Айта кетейік, бүгінде Лех Качинскийдің бауыры Ярослав Качинский «Заң және әділет» партиясын басқарады. Бұл партия өткен айда сайлауда парламентте көпшілік орынға ие болған. Жаңа консервативтік үкіметтегі кейбір министрлер Польша басшылары отырған ұшақ апатына Ресейдің қатысы бар деген пікірді ұстанып отыр.