24 Наурыз 2019, 13:25 881 0 Қоғам Назым Тойлыбаева

Құжаттарды ауыстыру талап етілмейді

Елорда атауының Нұр-Сұлтан болып өзгеруіне байланысты құжаттарды ауыстыру талап етілмейді. Бұл туралы  ҚР ӘМ Баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы» 2019 жылғы 23 наурыздағы Жарлығының қабылдануына байланысты Әділет министрлігі келесіні түсіндіреді.

Астана атауының өзгеруі азаматтарға жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін келесі құжаттарды – сатып алу-сату, сыйға тарту, айырбастау шарты, пайдалануға қабылдау актілері және басқа да құжаттарды, сондай - ақ, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы құжаттарды - туу, қайтыс болу, неке қию/бұзу туралы куәлік және т. б. ауыстыру міндетін жүктемейді.

Осылайша, құжаттарда астананың бұрынғы атауының көрсетілуі олардың жарамсыздығына әкеп соқпайды.

Өз кезегінде, Әділет министрлігінің ақпараттық жүйелерінде елді мекеннің атауы Астана қаласынан Нұр-Cұлтан қаласына автоматты түрде өзгертіледі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалдары, сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен ұйымдар мемлекеттік қызмет көрсету кезінде құжаттарды бұрынғы тәртіппен  қабылдайтын болады.

Құқықтық мәселелер бойынша кеңес алу, 24 сағат бойы қолжетімді.

Құқықтық ақпараттық қызмет көрсету: Қазақстан бойынша 119 нөміріне, Астана және Алматы қалаларынан 58-00-58 нөміріне қоңырау шалуларыңызға болады

WhatsApp: +77086935631.

Соңғы жаңалықтар