23 Наурыз 2019, 13:27 1195 0 Қоғам Назым Тойлыбаева

Астана – Нұр-Сұлтан қаласы болып өзгертілді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласын Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы - Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сəйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы - Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта аталсын.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті                                                   Қ.Тоқаев

Ақорда, 2019 жылғы 23 наурыз

Соңғы жаңалықтар