Үкімет 100 млрд теңге  бөледі

Үкімет 100 млрд теңге  бөледі

Үкімет 100 млрд теңге  бөледі
ашық дереккөзі
Көпбалалы отбасыларға жалға берілетін тұрғын үй салуға және жеңілдетілген кредит беруге 100 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы үкімет отырысында Қазақстан Премьер-министрінің бірінші орынбасары әрі Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты. Ол 2019 жылғы бюджетке енгізілген өзгерістерді таныстыра келе, Елбасының «Нұр Отан» партиясының съезінде айтқан «Әлеуметтік қамқорлық» әлеуметтік шараларын іске асыруға 444,3 млрд теңге бөлінетінін, сондай-ақ, осы қаржыдан аз қамтылған көпбалалы отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үй салу және Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы жеңілдетілген кредит беруге 100 млрд теңге көзделгенін жеткізді. Одан өзге «азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдауды күшейтуге» 224,3 млрд теңге бөлінбек.