Жеңіл моторлы ұшақ көпқабатты тұрғын үйге соғылды

Жеңіл моторлы ұшақ көпқабатты тұрғын үйге соғылды

Жеңіл моторлы ұшақ көпқабатты тұрғын үйге соғылды
ашық дереккөзі
Флорида штатындағы Форт-Лодердейл қаласында жеңіл моторлы ұшақ жұма күні көпқабатты тұрғын үйге келіп соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Miami Herald газетіне сілтеме жасап. Өрт-құтқару қызметі өкілдерінің мәліметінше, оқиға салдарынан ұшқыш көз жұмған. Келеңсіз жағдай  түс кезінде болған. Басылымның жазуынша, ұшақ ғимараттың 16 және 17-қабаттарының ортасына соғылған. Осыдан кейін ол жөндеу жұмыстары жүріп жатқан бассейні бар террасаға құлады. Тұрғындар эвакуацияланды. Пилоттың аты-жөні әзірше анықталған жоқ. Тергеу жұмыстарымен Көліктегі қауіпсіздік жөніндегі ұлттық кеңес айналысып жатыр.