1 Наурыз 2019, 16:39 1261 0 Ішкі саясат Назым Тойлыбаева

Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке тағайындалды

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын", - делінген Елбасы қол қойған Жарлықта.

Сағынтаев 2016 жылдан бері Қазақстанның үкімет басшысы қызметінде болған.

Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев 1963 жылы 13 қазанда Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірді, экономика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын Алматы халық шаруашылығы институтының саяси экономика кафедрасының оқытушысы болып бастады. 1988-1992 жылдар аралығында С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде жұмыс істеді, ассистент лауазымынан әлеуметтану кафедрасының доцентіне дейінгі еңбек жолынан өтті.

"Құрмет" орденімен  және мерейтойлық медальдармен  марапатталған. Табиғи монополиялар саласын мемлекеттік  реттеу,  шағын және орта бизнесті дамыту тақырыптарына арналған  бірқатар  ғылыми жұмыстың авторы.

Соңғы жаңалықтар