«ПЕКИН – МОСКВА» МАРШРУТЫНА АРНАЛҒАН СУПЕРПОЙЫЗ

«ПЕКИН – МОСКВА» МАРШРУТЫНА АРНАЛҒАН СУПЕРПОЙЫЗ

«ПЕКИН – МОСКВА» МАРШРУТЫНА АРНАЛҒАН СУПЕРПОЙЫЗ
ашық дереккөзі
Қытайда «Пекин – Москва» бағыты бойынша жүретін арнаулы суперпойыз жасалып жатыр. Оны China South Locomotive & Rolling Stock Corporation Limited компаниясы жасап жатқаны белгілі болды. Жасалып жатқан пойыздың фотоларын аталған компаниялар таратқан. Ал поезддың дизайнын Австралияның Fordyno кәсіпорыны жасаған көрінеді. Жаңа экспрессте люкс, бизнес және эконом-класс дәрежесіндегі вагондар болады. Мамандардың айтуынша, жолаушыларға барлық жағдай жасалған пойыз 32 сағатта 7000 мың шақырымды басып өтеді екен. Қытайдан өтетін суперпойызға арналған шойын жолдың 3200 шақырымдық магистралы құрылып біткен болса, Ресейден өтетін жағы енді жасалып жатыр. «Пекин – Москва» магистралының Ресейден өтетін бірінші бөлімі Екатеринбург жіне Челябинск қалалары арысынан өтеді. Оның құрылысына 500 миллиард рубль қаржы жұмсалмақшы. Сондай-ақ ұшқыр пойыз екі қаланың арасын 70 минутта жүріп өтетін көрінеді.