Жантүршігерлік жол апаты бүтін бір әулеттің қабырғасын қайыстырды

Жантүршігерлік жол апаты бүтін бір әулеттің қабырғасын қайыстырды

Жантүршігерлік жол апаты бүтін бір әулеттің қабырғасын қайыстырды
ашық дереккөзі
Жамбыл облысындағы жантүршігерлік жол апаты бүтін бір әулеттің қабырғасын қайыстырды. Екі жеңіл көліктің соқтығысуынан бір-біріне туыс 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды  КТК телеарнасы. Қайғылы оқиға Байзақ ауданы Көктал ауылы маңында болған. Қатты жүйіткіген «Ниссан Максиманың» жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, қарсы беттегі «Ауди-80-нің» бүйірінен ұрған. Соққыдан машина жолдан шығып кетіп, талға соғылған. Оқиға орнында жас шамасы отыздардағы ерлі-зайыпты, 70-тегі қария және 20 жастағы жігіт көз жұмды. Ал ниссаның түгі қалмай өртеніп кеткен. Оның жүргізушісі ауыр халде ауруханада жатыр. Тергеуді бастаған Жамбыл облысының полиция департаменті жол көлік оқиғасының куәгерлері болса, хабарласуды сұрайды.