THE GUARDIAN: Жәндіктер жүз жылдан соң жер бетінен жойылып кетуі мүмкін

THE GUARDIAN: Жәндіктер жүз жылдан соң жер бетінен жойылып кетуі мүмкін

THE GUARDIAN: Жәндіктер жүз жылдан соң жер бетінен жойылып кетуі мүмкін
ашық дереккөзі
Бүгінде бүкіл әлем бойынша жәндіктердің азайып жатқанын байқауға болады. Егер бұл құбылысты тоқтата алмасақ, оның салдары үлкен апатқа әкелуі мүмкін. «The Guardian» басылымының жазуынша, ғалымдар мұндай қорытындыға келу үшін көптеген зерттеулер жүргізген. «Сидней университетінің аустралиялық экологы Франциско Санчез-Байоның басшылығымен ғалымдар жәндіктер санының азаюына қатысты 73 зерттеуге сараптама жасаған. Ғалымдардың айтуынша, жәндік түрлерінің жартысы азайып, ал үштен бірі жойылу алдында тұр. Зерттеуде жәндіктер биомассасы жыл сайын 2,5 есе кемитіні жазылған. Мұндай қарқынмен жәндіктер жүз жылдан соң жойылып кетеді» деп жазады басылым. Автордың айтуынша, адамдардың жәндікке жаны ашымайды. «Адамдар құрт-құмырсқаларға келгенде тыжырынады, олардың неғұрлым аз болғаны жақсы деп ойлайды. Бірақ тұтастай бір экологиялық жүйенің күйреп жатқаны өте қауіпті» деп жазады автор.