Қазақстанда 5G желісі сынақтан өткізіледі

Қазақстанда 5G желісі сынақтан өткізіледі

Қазақстанда 5G желісі сынақтан өткізіледі
ашық дереккөзі
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев 5G желісін енгізу жайында айтып берді,  деп xабарлайды ҚазАқпарат. Министрдің айтуынша, бүгінде әлем бойынша ұялы байланыстың жаңа үлгісі - 5G желісін енгізу мәселесі кеңінен талқыланып жатыр. Соның арқасында фильмдерді бірнеше секундтың ішінде жүктеуге мүмкіндік бар. Басқа да теxнологияларды жан-жақты дамытуға болады. «Биыл Қазақстанда 5G теxнологиясын сынақтан өткізу жоспарланып отыр. Осыдан кейін аталған желіні республика бойынша енгізу мерзімі анықталатын болады», - деді Д.Абаев министрліктің алқа мәжілісінде. Оның айтуынша, шалғай жатқан ауылдарға талшықты-оптикалық желілер арқылы сапалы интернетті тарту жұмыстары да жалғаса береді. Өткен жылы 144 мыңнан астам адамды қамтитын 56 ауылды елді мекен сапалы интернетпен қамтылды. Негізгі мақсат - 1 249 елдімекенді кең жолақты желімен қамтамасыз ету. Жобаны жүзеге асыру барысында 20 мың шақырымды құрайтын талшықты-оптикалық желі құрылысын салу жоспарланып отыр. Министрдің сөзіне қарағанда, қазіргі жүйе тек әлеуметтік желілерге ғана қатысты. Ал мессенджерлерге тарамайды. «Біз әрбір телефонның ішіне кіре алмаймыз», - деп атап көрсетті Д.Абаев.