ТАУАРЫН ТЕГІН ҮЛЕСТІРЕТІН ДҮКЕН БАР

ТАУАРЫН ТЕГІН ҮЛЕСТІРЕТІН ДҮКЕН БАР

ТАУАРЫН ТЕГІН ҮЛЕСТІРЕТІН ДҮКЕН БАР
ашық дереккөзі
Түркістан облысы Жетісай ауданында «Мейірім-Шапағат» қайырымдылық дүкені жұмыс істейді. Аудан әкімінің бастамасымен және аудандық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімінің ұйытқы болуымен ашылған дүкен күні бүгінге дейін талайдың алғысын алып үлгерді. Бұл дүкенді ашудағы мақсат – өздерінің әлеуметтік жағдайын қалыпқа келтіре алмай жүрген жергілікті халыққа көмек көрсету. Дүкенде тұрмыс жағдайы төмен тұрғындарға тегін киім-кешек үлестіріліп, мүмкіндігінше қосымша азық-түлік беріледі. Әлеуметтік дүкенге ауданның жомарт жандары мен кәсіпкерлері демеушілік жасауда. Өткен жылдың ақпанын айында облыс бойынша алғаш ашылған қайырымдылық дүкені күні бүгінге дейін 1500-ге тарта әлеуметтік қолдауды қажет ететін, мүмкіндігі шектеулі мүшелері бар және көпбалалы отбасыларға көмек берген.  width= «Тағдырдың тауқыметі мен өмірдің ащы тұздығын татып, қоршаған ортадан, иманжүзді азаматтардан мейірім шуағын, жан жылуын күтетін қоғамның әлсіз бөлігі саналатын мүмкіндігі шектеулі жандар мен әлеуметтік қолдауды қажет ететін ауданның кез-келген азаматына көмек береміз. Дүкеніміз аптаның сенбі-жексенбі кұндерінен басқа барлық күндерінде таңертеңгі 09:00-18:00 аралығында жұмыс істейді», – дейді Жетісай аудандық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімінің басшысы Әділхан Әбжанов.