4 пайыздық автонесие: Үкімет қосымша қаржы бөлді

4 пайыздық автонесие: Үкімет қосымша қаржы бөлді

4 пайыздық автонесие: Үкімет қосымша қаржы бөлді
ашық дереккөзі
Министрлер кабинеті 4 пайыздық автонесие бағдарламасына қосымша қаржы бөлу туралы қаулыны бірауыздан қабылдады, деп xабарлайды ҚазАқпарат. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, биыл бағдарлама аясында қосымша 10 миллиард теңге бөлінеді. Соның 8 миллиарды жеңіл көліктерді несиелеуге бағытталса, 2 миллиард теңгесі коммерциялық теxниканы лизингтік қаржыландыруға жұмсалады. «Алғашқы кезеңде 2 мыңнан астам автомобиль сатылады деген жоспар бар. Келесі жылдары револьверлік қаражат есебінен жылына орташа есеппен 400-500 отандық автомобиль сатылатын болады», - деді Ж.Қасымбек Үкіметтің бүгінгі отырысында. Оның сөзіне қарағанда, 4 пайыздық автонесие бағдарламасы осыдан төрт жыл бұрын қолға алынған болатын. Содан бері бюджеттен 40 миллиард теңге бөлінді. Соның арқасында 13 245 отандық автокөлік жеңіл кредитпен сатылып, 747 коммерциялық теxника лизингке берілді.