Өткен жылы СҚО-ға 7 мыңға жуық адам көшіп келді

Өткен жылы СҚО-ға 7 мыңға жуық адам көшіп келді

Өткен жылы СҚО-ға 7 мыңға жуық адам көшіп келді
ашық дереккөзі
Өткен жылы СҚО-ға 7 мыңға жуық адам көшіп келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. СҚО статистика департаменттің хабарлауынша, 2017 жылмен салыстырғанда былтыр өңірге тұрақты тұру мекенжайына келгендердің саны 4 % артқан. Кеткендер саны 13 % азайған. Яғни, 2017 жылы 12 мыңнан астам адам облыс аумағынан қоныс аударған. Ішкі көші-қонға келетін болсақ, солтүстікқазақстандықтардың басым бөлігі жаңа қонысқа Ақмола облысын ( 34,4 %), ал 18,2 % - Астана қаласын таңдаған. ТМД елдері арасында Ресей Федерациясының үлес салмағы үлкен. Былтыр кеткен 3,5 мың адамның 98% осы көрші мемлекетті таңдапты. Жалпы, ТМД елдеріне қоныс аударушылардың саны 10,7% артып отыр. Ал, шетелден солтүстікқазақстандықтар эмиграцияға Польша, Германия және АҚШ елдерін таңдайды екен. Оларға басқа елдерге кеткендердің 96,5%  қоныс аударған. Керісінше, СҚО көшіп келгендер арасында Қытай, Моңғолия және Германия тұрғындары басым (83%).