Трамп Мексикамен шекарада төтенше жағдай енгізді

Трамп Мексикамен шекарада төтенше жағдай енгізді

Трамп Мексикамен шекарада төтенше жағдай енгізді
ашық дереккөзі
Ақ үй басшысы Дональд Трамп Мексикамен шекаралас жерде төтенше жағдай режимін енгізді. АҚШ басшысы осылайша шекарадағы бөгеттің құрылысына мемлекет қазынасынан 8 млрд доллар алмақ ниетте. Демократтар оның бұл ісін қатысты билігін асыра пайдаландыға теңеп отыр, деп хабарлайды Хабар 24. Естеріңізге салайық, бұған дейін Трамп Конгрестен 5,5 млрд доллар бөлуді сұрағанымен, Конгресс оның өтінішіне орындамаған еді. Есесіне АҚШ президенті ел бюджетін мақұлдамай қойған еді. Ал бұл кей мемлекеттік органдардың бір айға жұмыс істемеуіне әкеп соқты. Дональд Трамп, АҚШ Президенті: - Бұл өте маңызды қадам. Шекараны заңсыз өтушілермен қатар есірткі тасымалы да жанданып жатыр. Түрлі қылмыстық топтардың да шекара асу қаупі бар. Біздер қалайша бұған жол береміз?