Қалың оқырман қолынан тастамай оқитын газет 

Қалың оқырман қолынан тастамай оқитын газет 

Қалың оқырман қолынан тастамай оқитын газет 
ашық дереккөзі
Ел тәуелсіздігіне қол жеткен алғашқы жылдарда өз ғұмырын бастаған басылым саяси, қоғамдық, экономикалық, халықаралық тақырыптарды қамтып келеді. Ел болашағының жарқын бейнесін жария­лауда газет білім мен ғылым саласындағы ақпараттардан кенде қалған емес. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ зерттеу университетіне айналу үдерісіне бағытталған үлкен әрі маңызды жұмыстар атқаруда. Осы орайда халықаралық басылымның отандық білім жаңалығын әлемдік кеңістікке насихаттауы деп білемін. Сіздердің қолтаңбаларыңыздың ізі бар бұл газет бұқаралық ақпарат құралдары арасында зор беделге ие. Қалың оқырман қолынан тастамай оқитын қадірлі газеттің ғұмыры ұзақ болсын! Газет ұжымына шығармашылық табыс, тың идеялар мен жазар таусылмасын деп тілеймін.  

Ғалым Мұтанов,

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры