Хабиб Нурмагомедов пен Конор Макгрегор спорттан шеттетілді

Хабиб Нурмагомедов пен Конор Макгрегор спорттан шеттетілді

Хабиб Нурмагомедов пен Конор Макгрегор спорттан шеттетілді
ашық дереккөзі
Ресейлік UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовке және ирландық  UFC шебері Конор Макгрегорге жекпе-жектен кейін жаппай төбелеске қатысқандары үшін жазалау шаралары енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап. Атап айтқанда, Невада штатының спорт комиссиясы  (NSAC) Нурмагомедовты тоғыз айға спорттан шеттетті. Сондай-ақ ол 500 мың доллар көлемінде айыппұл төлейтін болды. Хабиб буллингке қарсы (оқу орындарындағы жәбірлеу, қудалау) әлеуметтік іс-шараларға қатысатын болса, оның шеттетілу мерзімі алты айға дейін қысқаруы мүмкін. Ал Макгрегор тоғыз ай жекпе-жектерге қатыса алмайды. Сондай-ақ, Конорға 50 мың доллар көлемінде айыппұл салынды. Спорттан шеттетілу мерзімі айқас өткен күннен - 6 қазаннан бастап есептеледі. Еске салайық, Лас-Вегаста T-Mobile Arena-да Нурмагомедов төртінші раундта Макгрегорды қылқындырып, жеңген еді. Кездесуден кейін дағыстандық спортшы Нурмагомедов  Конор Макгрегордың достарына тап берген болатын.