Онлайн несие бойынша дауларды шешудің жолы табылды

Онлайн несие бойынша дауларды шешудің жолы табылды

Онлайн несие бойынша дауларды шешудің жолы табылды
ашық дереккөзі
    Елімізде antidolg.kz қызметі кредиторлар мен несие алушылар арасында несие бойынша туындайтын дауды медиация арқылы шешеді. Аталмыш старт-ап онлайн-медиацияны дамытуға 75 миллион теңге инвестиция тартты. Қазіргі таңда онлайн-несие алушылар саны көп. Әуелде оңай көрінгенімен, қайтарымы екі есе, тіпті одан да көп шығады. Нәтижесінде қарапайым тұрғындар шағын несие алса да, пайыздық үстеменің өсуіне байланысты берешегін миллиондап өтеуге мәжбүр. Осы орайда кредиторлар мен несие алушылар арасында дау туындайтыны сөзсіз. Онлайн-медиация – екі тараптың дауын шешуге бейтарап, яғни үшінші тарап қатысатын балама форма. «Азаматтық іс бойынша сотқа келіп түсетін шағымдар 15 пайызға өскен. Жыл сайын 4 миллионға жуық адам сот жүйесіне жүгінеді. Талап-арыздың басым көпшілігі кредитор компаниялар мен жеке тұлғалар арасындағы қаржы мәселелері. Осындай түйткілдер әлемнің бірсыпыра елінде соттан тыс шешіледі, мұны жаңа қызмет қазірдің өзінде дәлелдеп отыр», - деді компаниялар тобының құрылтайшысы және басшысы Марат Амирсеитов.  Antidolg.kz қызметіне Қазақстанда инвестициялық консалтинг пен балама энергетика саласында маманданған «М-КАТ» компаниялар тобы инвестиция құйып отыр.  Старт-ап Astana Hub базасында жұмыс істей бастағалы 3 мыңға жуық қазақстандық компания көмегіне жүгінген. Барлық іс бойынша Antidolg.kz жеке тұлғалардың пайдасына шешіп берді. - Борышкер клиент пен кредиторларды бір бітімге келтіріп, еңбек нарығындағы дауларды шешу мәдениетін көтерді. Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов сот дауларына медиацияны қолдануға үнемі шақырады. Сонымен қатар онлайн қарыз нарығында жұмыс істейтін кредитор компаниялар да медиацияны дамытуды қолдайды, - деді Antidolg.kz бас директоры Нұрхан Ескендір. 2019 жылдың басында старт-ап Қазақстандағы ең ірі онлайн қарыз берушілермен жұмыс істей бастады. Енді отандастарымыз онлайн несие, берешек бойынша компания қызметіне жүгіне алады. «Инвестиция тарту осы қызметтің Қазақстандағы және көрші елдердің нарықтарындағы бағдарламалық жасақтамасын жетілдіруге, ауқымы мен қызмет аясын кеңейтуге үлес қосады. Сондай-ақ старт-ап жұмысының үлгісін қолдайтын шетелдік венчурлік қорлармен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Бұл қызметтің цифровизация бағдарламаларын жаңғырту бойынша «халықаралық жетістікке» жетуге барлық мүмкіндігі бар», - деді Antidolg.kz қызметінің даму жөніндегі директоры Бота Жұманова.