БІЛІМНІҢ АЛТЫН КЕНІШІ

БІЛІМНІҢ АЛТЫН КЕНІШІ

БІЛІМНІҢ АЛТЫН КЕНІШІ
ашық дереккөзі
Зерттеушілер «инновациялық экономиканың қалыптасуы, адамның шығармашылық әлеуетін, интеллектісін экономикалық өсудің және ұлттық бәсекеге қабілеттіліктің жетекші факторына айналдырады» дейді. Осы тұрғыдан қарасақ, ұлттық жоғары сапалы интеллектуалдық әлеуетті белсенді түрде қалыптастыратын және ұлтаралық білім беруде әлемдік үдеріске етене еніп жатқан республика жоғары оқу орындарының рөлі маңызды. Ұлтаралық білім беру үдерісінің басты құрамдас бөлігі академиялық мобилділік – студент, оқытушы және қызметкерлердің университеттің халықаралық іс-әрекетінің өзара алмасу бағдарламаларына және әртүрлі аспектілеріне қатысулары. ЮНЕСКО-ның мәліметінше, студенттердің халықаралық мобильділігінің деңгейі соңғы 25 жыл ішінде 300 пайызға өскен. Халықаралық эксперттер 2025 жылы шет елде оқитын студенттердің саны 4,9 миллионды болатынын айтады. Орталық Азия кеңістігінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстанның интеллектуалдық әлеуетінің негізгі «ядросы», жас жоғары санатты мамандар мен әртүрлі форматтағы зерттеушілерді даярлайтын негізгі «шеберлік» ортасы саналады. Бүгінгі күні университетте, өзінің көпқырлы және жан-жақты жоғары сапалы білім беру бағдарламаларын 16 факультет белсенді түрде жүзеге асыруда. QS «WUR by Subject» рейтингісінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ соңғы екі жылда әлемнің 250 үздік жоғары оқу орындарының қатарында. Онан өзге «QS Stars Development Roadmap» халықаралық рейтингісінде «Төрт жұлдызды» алып өзінің артықшылығын дәлелдеді. ТМД елдерінің ішінен мұндай атаққа ие болған бес жоғары оқу орны бар, олар – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және төрт ресейлік университет. Соңғы бес жыл ішінде Экономика және бизнес жоғары мектебіне Италия, Қытай, Оңтүстік Корея, Түркия, Англия, Германия және АҚШ елдерінен бірқатар ғалымдар келді. Италияның ең үздік жоғары оқу орындарының ондығындағы, әлемнің ең үздік 200 университеті қатарындағы «Sapienza University of Rome», «University of Padua» сынды италияндық жетекші жоғары оқу орындарымен халықаралық келісімдер бар. «Экономика» мамандығының магистранттары жыл сайын «University of Padua» жоғары оқу орнына қысқа мерзімді тағылымдамадан өтеді. PhD докторанттардың «University of Padua» және «Sapienza University of Rome» университеттерінің жетекші профессорларының қарамағында өздерінің ғылыми зерттеу жұмыстарын жасауға үлкен мүмкіндіктері бар. Міне, осындай халықаралық жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықтың дамуы, біріккен зерттеу жобаларын ұйымдастыруға мүмкіндік беруде.  

Д.Рахматуллаева,

PhD доктор,

Г.Иляшова,

PhD докторант