Тарихи сананы жаңғыртқан мақала

Тарихи сананы жаңғыртқан мақала

Тарихи сананы жаңғыртқан мақала
ашық дереккөзі
Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында «Нұр Отан» партиясының өкілдері «Атамекен Агро» ЖШС ұжымымен кездесіп, Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылады. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Владимир Волков мақала қазақстандықтар­дың тарихи сана-сезімін одан әрі дамы­туға маңызды қадам болып табылатынын атап өтті. «Біздің еліміздің тарихы терең тамырлы. Кезінде кейбір тарихшылар «қазақ» халқын «тарихи емес» халықтарға қос­қан болатын. Алайда бұл қате екенін уақыт дәлелдеп отыр. Еуразиялық Ұлы дала аумағында, Алтайда, Сібірде соңғы 5-6 мың жыл бойы көшпенділер өркениетінің үздіксіз сипаты өмір сүрді, бұған археологиялық қазба жұмыстары дәлел. Көшпелі өркениет негізінде құрылған мемлекеттер бүкіл Еуразия құрлығының тарихында үлкен рөл атқарды», – деді Владимир Волков. Аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Елбасы мақаласы барлық түркі мемлекеттер тарихшыларының одан әрі зерттеулеріне серпін беретінін айтты. Мақалада патриоттық тәрбиеге ерекше көңіл бөлінген. «Тарих пәнінің мұғалімі ретінде патриоттарды тәрбиелеу, өз халқының тағдырына алаңдайтын жауапты азаматтарды тәрбиелеу деп ойлаймын. Осыған байланысты Президенттің мақаласы өте өзекті болып табылады. Қазақстандықтардың сана-сезімі көрсеткіштерінің бірі – киноиндустрия және мультсериалдар арқылы ұлттық кейіпкерлерін өсіру. Бұл – заманауи дамыған ұрпақты қалыптастырудың жаңа кезеңі», – деді ол.