Қазақстан 2019 жылдың ақпанынан бастап Қырғызстанға бензин экспорттайды

Қазақстан 2019 жылдың ақпанынан бастап Қырғызстанға бензин экспорттайды

Қазақстан 2019 жылдың ақпанынан бастап Қырғызстанға бензин экспорттайды
ашық дереккөзі
Қазақстан келесі жылдың ақпан айынан бастап Қырғызстанға бензин экспорттай бастайды. Қазір екі мемлекет өкілдері келіссөздің соңғы кезеңіне келді деп мәлімдеген энергетика министрі Қанат Бозымбаев. Бұл жөнінде Zakon.kz жазады. «Біз өткен аптада қырғыз тарапынан жауап алдық. Олар тиісті комитет жетекшісін тағайындады, екі тарапты кездесу өткіздік. Егер жаңа жылға дейін келісімге келсек, қаңтар айында құжатқа қол қоямыз, сосын ақпан айынан бастап бірінші кезекте бензин экспорттай бастаймыз», - деп түсіндірді министр. Қазақстан дизель отынын әзірге шетелге шығаруға ниетті емес. Алдымен Қырғызстанның жанар-жағармайға деген сұранысын анықтап алу керек дейді. «Біз тұтынушы сұранысын 120 пайызға жаба аламыз деп есептейміз. Дизель отынына қатысты басқа келісім болады. Алдымен экспорт алдында шекарадағы кеден бақылауын күшейту керек. Мен өзімнің бұйрығыммен дизель отынын экспорттауға тыйым саламын», - деді Бозымбаев. Қазақстанда мұнай өңдейтін үш ірі зауытты модернизациялаудан өткізгеннен кейін, жанар-жағармай өндіру көлемі артқан. Қырғызстан жылына 1 млн тонна жанармай тұтынады, оны Ресейден алады.