ШЫМКЕНТ: ПРЕЗИДЕНТ ШЫРШАСЫ СӘУЛЕ ШАШТЫ  

ШЫМКЕНТ: ПРЕЗИДЕНТ ШЫРШАСЫ СӘУЛЕ ШАШТЫ  

ШЫМКЕНТ: ПРЕЗИДЕНТ ШЫРШАСЫ СӘУЛЕ ШАШТЫ  
ашық дереккөзі
Кеше Шымкент қаласындағы «Оқушылар» сарайын­да Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа жыл­дық шыршасы өтті. Салтанатты шараға қатысқан қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов балаларды мерекемен құттықтап, Елбасы атынан 250 балаға 100 мың теңгенің сертификатын табыстады. Мерекелік шара барысында кішкентай шымкенттіктер Мемлекет басшысының бейнеқұттықтауын тамашалады. «Жарқыра, Қазақстан! Жарқыра, туған жер!»  атты мерекелік  шараға  6 мен 13 жас аралығындағы балалар қатысты. Олардың арасында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, мүмкіндігі шектеулі және спортта, шығармашылықта, қоғамдық шараларда түрлі жетістікке жеткен балдырғандар бар. Жаңажылдық мерекеге сай безендірілген алаңда Ұлпақар, Аяз ата, Аққала мен жыл иелері, би ансамбльдері барлық қатысушыларға ғажайып ертегідегідей сезім сыйлады. Сонымен қатар, халықаралық конкурстарда жүлделі орындарға ие болған бишілер мен бүлдіршіндер өнер көрсетті. Шара соңында балдырғандарға мерекелік тәттілер үлестірілді. Сонымен қатар, олар қала басшысымен естелікке суретке түсті.

Сейітхан Зеберханұлы