Иорданиядағы Астана көшесі қалай көрінеді

Иорданиядағы Астана көшесі қалай көрінеді

Иорданиядағы Астана көшесі қалай көрінеді
ашық дереккөзі
Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі Иордания астанасында жаңа Астана көшесінің қалай көрінетіндігі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Элиталы аудан саналатын Абдундағы жаңа Астана көшесінің ұзындығы 1,2 шақырым. Көше 4 жолақты. Көшеде элиталы тұрғын үйлер орналасқан », - деп жазды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева Фейсбук парақшасында. Еске салайық, 2018 жылдың 20 желтоқсанында Иорданияның астанасы Амман қаласында Астананың атымен аталған жаңа көше пайда болған еді. Көшенің ашылу салтанатына Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов пен Иордания астанасының мэрі Юсуф әл-Шауариб қатысты.